"ЗАМАНДАС" ОТБАСЫЛЫҚ АУЛА КЛУБЫ

Елордадағы бақыт аумағы

  Отбасылық аула клубы балалар мен ересектерге білім беру, психологиялық, демалыс қызметтерін көрсетуге мүмкіндік беретін бүкіл отбасымен жұмыс істеудің инновациялық моделі болып табылады. Астанада бүгінде 3000-ға жуық бала осы клубтарға тегін барады. Жыл сайын 400-ге жуық ата-ана клубтардағы психологтардың сапалы қызметіне қол жеткізе алады, бұл отбасылық қатынастардың жақсаруына, жеке өсуге және әл-ауқатқа әсер етеді. "Замандас" отбасылық аула клубы әлеуметтік осал отбасылардан шыққан балалар мен жасөспірімдерге бос уақыт пен қосымша білім беруді, сондай-ақ "Бақытты отбасы"ата-аналар клубын ұйымдастырады.

Ляззат Елюбаевна Алшинова

"Замандас 21" қоғамдық қорының директоры және құрылтайшысы,"Замандас" отбасылық аула клубтарының директоры

"Біздің жобаның ерекшелігі - ата-аналармен жұмыс. Біз "Бақытты отбасы" ата-аналар клубын құрдық, онда психологиялық кеңес береміз, аналар мен әкелерге балалармен дұрыс қарым-қатынас орнатуға үйретеміз, ересектерді біздің іс-шараларға қатысуға тартуға тырысамыз"


Бас серіктес

"Замандас" ҚҚ әлеуметтік жобасы "Samruk-Kazyna Trust"әлеуметтік жобаларды дамыту қорымен бірлесіп іске асырылуда. Астана қаласында қазір 6 "Замандас" аула клубы мен жастар коворкингі табысты жұмыс істеуде.

Үйірмелер

"Замандас" клубтарында балалар мен жасөспірімдерге арналған тегін негізде 20-дан астам үйірме бар: арт-терапия, хореография, шахмат, сәндік-қолданбалы өнер, актерлік шеберлік үйірмесі, каратэ, музыкалық (домбыра), вокал, сөйлеуді дамыту, тоғызқұмалақ, робототехника, ағылшын және қазақ тілі курстары және басқалар.

ЖҰМЫСТЫҢ НЕГІЗГІ ПРИНЦИПТЕР:

Қол жетімділік

Ізгі ниет

Еріктілік

Сенім

Достық

Үйірмелер қайда орналасқан?

Бүгінде елордада Абай көшесі, 92/2, Ш. Құдайбердіұлы көшесі, 28, Шалқоде көшесі, 2, Р. Қошқарбаев көшесі, 44,Сарыадыр көшесі, 3, Ж. Досмұхамедов көшесі, 55 мекенжайында орналасқан 6 " Замандас" аула клубы жұмыс істейді

Біз он бір жылдан бері жұмыс істеп келеміз және бүгінде бізде алты отбасылық аула клубы бар. Біздің жобамыз үш тараптың – мемлекет, ҮЕҰ және Samruk-KazynaTrust қорының ынтымақтастығын біріктіретіндігімен бірегей. Біз халықтың әлеуметтік осал топтарына, әсіресе оның көп көңіл бөлуді қажет ететін бөлігіне – балалар мен жасөспірімдерге қызмет көрсетеміз